Бас санитар дәрігер мен вице-министр вакцинаның екінші дозасын салдырды
Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның №6 қалалық ауруханасында «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды.
Екі доза арасында дәрігерлер ұсынған 21 күн өтті. Дәрігер вакцина салардан бұрын пациенттердің жағдайын сұрады.
Еске салсақ, бас санитар дәрігер мен вице-министр 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырған еді.