Жүргізуші куәлігінсіз жүргендердің ескі айыппұлдары кешірілмек

13 ақпаннан бастап қазақстандықтар көлік құжаттарынсыз жүре алады. Ал азаматтардың заң күшіне енгенге дейінгі құжаттардың болмауына байланысты салынған ескі айыппұлдары кешіріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменітінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Мұндай істер мәжбүрлі түрде
орындалмайды. Яғни, тек құқықбұзушылардан тиісті өтініштер түскен жағдайда ғана жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша тоқтатылуы керек, – делінген хабарламада.

Түзетулер шетелдік нөмірлі автомобильдерге, сондай-ақ, жүргізуші куәлігін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсыну міндетті болып қала береді.

Сондай-ақ, полиция сақтандыру полисі болмаса қандай жаза қолданылатынын да еске салды.

– Егер жүргізуші сақтандыру полисінде жоқ болса, онда оған Әкімшілік кодекстің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес – 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынып, 797-бапқа сәйкес автокөлік тұраққа қойылады. Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті талап етпеу міндеттемесін алып тастағанда, сақтандыру полисінде жазбаның болуы іс жүзінде осы көлікті басқарудың заңдылығын растайтын жалғыз нәрсе болып табылады, – дейді олар.