ТМД елдерінде қамауда отырған қазақстандықтарды елге қайтару қарастырылуда

ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Мәжілісте депутаттардың назарына «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар бойынша конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынған. Бұл туралы ол өзінің парақшасында хабарлады.
Конвенцияның негізгі мақсаты – әр азаматқа өз жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеуге мүмкіндік беру.
Конвенцияға Ашхабад қаласында 2019 жылы Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Президенттері қол қойды.
– Бұл конвенцияны бекіту арқылы аталған мемлекеттер арасында құқықтық қарым-қатынасты нығайтып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың сапалы орындалуына жол ашамыз.
Қазіргі уақытта елімізде 447 шетел азаматы пробацияда тұр. Өзбекстаннан – 216, Ресейден – 138, Қырғызстаннан – 38, Армениядан 5 азамат.
Ал өзге елдерде 280 Қазақстан азаматы түрлі құқықбұзушылық жасап, жазаға тартылған. Ресейде – 251, Өзбекстанда – 24, Қырғызстанда – 2, Беларусьте 3 азамат.
Бұдан былай, осы Конвенция арқылы ТМД шеңберінде құқықбұзушылық жасап, қателікке ұрынған азаматтарымызды елге қайтару механизмдерін реттеп, олардың отбасына, еліне, қоғамға қайта оралуына мүмкіндік жасаймыз, – дейжі министр.
Тағы бір атап өтетін мәселе – Еуроодаққа мүше мемлекеттер осы Конвенцияға ұқсас Декларация қабылдаған, яғни халықаралық тәжірибе бар.