Отандық вакцина салдырамын – Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тек қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты.

– Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады. Өздеріңіз білесіздер, ресейлік «Спутник V» келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ, медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанда «QazCovid-In» вакцинасы дайындалып жатыр. Оның технологиясы өзгешелеу. Бізде оған қатысты зерттеулер айрықша бақылауда тұр. Қазіргі кезде клиникалық зерттеудің соңғы үшінші фазасы жүріп жатыр, 3 мың ерікті екпе салдырды, – деді министр.

Осы орайда ол отандық вакцина бойынша жақсы нәтиже болып отырғанын жеткізді.

– Денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Вакцина шыққан кезде, яғни бізде ресми түрде жіберілгенде алғашқылардың қатарында оны салдырамын, – деді Алексей Цой.