Заңсыз қару сақтаған 100-ге жуық азамат анықталды
2021 жылдың 4–8 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында «Қару» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.
Шараның мақсаты – заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін және оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау, қару иелерінің қаруды тіркеуін тексеру.
Тек қана 3 күнде 2 000-нан астам азаматтық қару иелері тексерілді. 100-ге жуық тұрғынның қару сақтау, тіркеу, тасымалдау ережелерін бұзған
фактілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарулары тәркіленді.
Заңсыз айналымнан Ішкі істер органдарына тіркелмеген бес қару анықталып, қаруларға балистикалық сараптама тағайындалды.