Атырауда 43 адамнан КВИ анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 43 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 16-сы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 23 жұмысшы, Жылыой – 3, Махамбет ауданында 1 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 9 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 44 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 370 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 71
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 адам ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы әлі де «сары аймақта».