Коронавирус жұқтырғандар 103 миллионнан асқан
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 103 млн миллионнан асты.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 103 млн. 835 мың 414 адамнан анықталды.
Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн. 251 мың 391 науқас. Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.