Кеше КВИ-ден 121 адам емделіп шықты

Өткен тәулікте Атырауда коронавирус инфекциясынан 121  адам  емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 374 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда.
Сондай-ақ, кеше өңірде 89 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 57 жұмысшы, Исатай – 1,  Жылыой ауданынан 4 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 23 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне бойынша Атырау облысы – «сары аймақта».