Таңдай мен Бейбарыста дәрігерлерге арнап үй салынады
Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты.
⠀
– Қазіргі таңда аталмыш ауылдарда мамандарға арналған тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақталды. Дәрігер тапшылығын азайту мақсатында өткен жылы Таңдай ауылынан дәрігерлер үшін қызметтік пәтер сатып алынып, жас мамандарға табысталды. Жалпы, өткен жылы ауданға 4 дәрігер маман келді. Және Махамбет ауданының жедел жәрдем стансасы жеке ғимаратқа көшірілді, – деді Мұқаш Зұлхарнай.
⠀
Еске сала кетсек, Махамбет ауданында 60 кереуеттік орталық аурухана, 250 науқасты қабылдауға арналған емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 медпункт бар. Онда барлығы 47 жоғары білімді дәрігер мен 173 орта буын медицина қызметкері еңбек етуде.