Кілем жуатын цех өртенді

Атырау облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, кеше сағат 07:18-де Call-орталыққа Атырау қаласы, Жалаңтөс батыр көшесінде орналасқан кілем жуатын ғимарат жанып жатырғаны жөнінде хабар түскен.
– Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде, «Евразия» кілем жуу цех ғимаратының төбе жабындысының толықтай жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, өрттің таралуына жол бермей, 30 кілем, 3 кілем жуғыш аппаратты қауіпсіз жерге шығарды.
Өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен 24 жеке құрам жұмылдырылды.
Өрт сағат 08:13 минутта оқшауланып,08:35 минутта толықтай жойылды, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда.