Зорлық-зомбылық құрбандарымен әйел тергеушілер жұмыс істейді

Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты әйел мамандар тергейтін болады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай қылмыстарды тергеумен айналысатын тергеушілердің мамандануын қамтамасыз етуді және әйел қызметкерлерді жыныстық қылмыс құрбандарымен жұмыс істеуге дайындауды және оқытуды қамтамасыз етуді тапсырды.

– Бұл бағытқа жауапты ретінде тәжірибелі қызметкерлерді бекіту, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі бағдарламаны кеңінен қолдану және дербес деректердің құпиялылығын мүлтіксіз сақтау қажет, – деп толықтырды ведомство басшысы.