Түн жарымда масаң күйде жүрген жасөспірім ұсталды

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қаңтар сағат 23:30 шамасында  Исатай-Махамбет алаңында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 17 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғыны анықталды.
Тексеріс кезінде, аталған жасөспірімнің масаң күйде жүргендігі анықталып, Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.
Жасөспірім өз кінәсін мойындап, достарымен бірге сыра ішкендігін айтты. Және іс-әрекетіне өкінетіндігін жеткізді.
Жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің  440-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынынды және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.

Еске сала кетсек, 2020 жыл алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында жүрген 20-ға жуық жасөспірім анықталса, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 1 500-ге жуық жасөспірім анықталған еді.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.