Кеше өңірде тағы 74 адамнан Covid-19 анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 57 жұмысшы,  Қызылқоға, Махамбет,  Индер аудандарынан 1   адамнан тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63 адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 223 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 97
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 767 адам оқшауланған.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы әлі де «қызыл аймақта».