Онлайн оқу бүгін де жалғасады
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қала және аудан мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 1–4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқытуға көшіріледі.
Сондай-ақ, балабақшаларда тәрбиеленушілерді уақытша қабылдамайды.
Айта кетсек, 1–4 кезекші сыныптарда 25 мыңнан астам бала оқиды. Ауа райы түзелген жағдайда кезекші сыныптар және балабақшалар өз жұмыстарын штаттық режимге көшіру ұйымдастырылады.