3 күнде Telegram-ға 25 млн. адам қосылған

Пайдаланушылар Facebook-пен жеке мәліметтерді бөлісуді көздеп отырған WhatsApp-ты алмастыру мақсатында Signal және Telegram-ды жаппай орнатып жатыр. Үш тәулікте Telegram-ға 25 миллион адам қосылды. Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы мессенджердің негізін қалаушылардың бірі Павел Дуров мәлімдеген.

Sensor Tower мәліметінше, 6-10 қаңтар аралығында App Store және Google Play арқылы дүние жүзі бойынша 7,5 миллион адам Signal-ды жүктеген. Бұл кейінгі аптамен салыстырғанда 43 есе көп және рекорд болып отыр.

Ал Apptopia-ның дерегінше, Telegram сәрсенбіден жексенбіге дейін 5,6 миллион рет жүктелген.
Мессенджер АҚШ-та жүктелуі бойынша екінші орынға шықты. Ол жақта 6 қаңтардан бастап 545 мыңға жуық жүктеу болған.

Дональд Трамптың Twitter желісіндегі аккаунты бұғатталғаннан кейін, сондай-ақ, оның жақтастары пайдаланатын Parler әлеуметтік желісі App Store және Google Play-ден жойылғаннан кейін Telegram кеңінен таралуда.