Кеше 74 адамнан Covid-19 анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-уы – Атырау қаласынан, 66 жұмысшы – Теңіз кенішінен, Қызылқоға мен Құрманғазы ауданынан 1 адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- сінде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 66 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 271 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда  100
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 29,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 803  адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандардың тәуліктік  көрсеткішіне байланысты бүгін Атырау облысы «сары аймаққа» өтті.