Қазақстандық жасөспірім Қырғызстанда қайтыс болды
Он екі жасар қазақстандық Қырғызстандағы Қарақол тау-шаңғы базасында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
— Бүгін, 12 қаңтар, шамамен сағат 15.00-де шаңғымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім шыршаға соғылып, көз жұмғаны туралы хабар түсті, — деді Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының басшысы Ұлан Асанбаев.
Тәртіп сақшылары трагедияның мән-жайын анықтап жатыр.
Жасөспірімнің денесі Ыстықкөл облысының ауруханасына жеткізілді. Сол жерде сот-медициналық сараптама жасалады.