Макс Боқаев келесі ай абақтыдан босатылуы мүмкін

Макс Боқаев 4 ақпан күні абақтыдан босатылуы мүмкін. Бұл туралы досы Талғат Аян хабарлады.

Оның айтуынша, Макс Боқаевтың 4 ақпан күні босап шығатынын абақты басшысы айтқан.

Сондай-ақ, Талғат Аянның айтуынша Боқаев босап шыққан жағдайда оған жарты жылдан 2 жылға дейін әкімшілік бақылау орнатылуы мүмкін. Бірақ шешім әлі шықққан жоқ. Іс 19 қаңтар күні Атырау қалалық №2 сотта қаралады.

Әзірше Атырау облыстық қылмыстық-атқару департаменті еш түсініктеме берген жоқ.

Макс Боқаев 2016 жылы қамауға алынған еді. Оған жер митингісіне қатысқаны үшін «жалған ақпарат таратты», «әлеуметтік алауыздық туғызды», «митинг жайлы заңды бұзды» деген айып тағылған еді.