Биыл қандай көліктерге айыппұл өседі?
Қазақстанда 2021 жылдың шілде айынан бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын және қатты гүрілдеп жүретін көліктердің айыппұлы өседі.Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.
Айта кетсек, өткен сенбі, 2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойған еді. Осы өзгерістер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енбек.
Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ауаны ластайтын заттарды және дыбысты тиісті нормадан артық шығаратын көлік құралдарына ескерту жасалады, я болмаса, айыппұл салынады. Құжатта айыппұлдың көлемі де көрсетілген.
• жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК немесе 29 170 теңге;
• заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК немесе 291 700 теңге.
Бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі еселенеді.
• жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК немесе 58 340 теңге;
• заңды тұлғалар үшін – 200 АЕК немесе 583 400 теңге.