Кеше 116 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 116 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 17-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 88 жұмысшы,  Жылыой – 4, Қызылқоға – 1, Мақат – 1, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелген.
Олардың 28-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 90 адам емделіп шықты.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 292  адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда  106 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 37,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 622 адам ем қабылдауда.