19 айыппұлы бар көлік ұсталды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26–28 желтоқсан арлығында ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, яғни айыппұл төлемей жүрген 15 автокөлік арнайы тұраққа койылды.
Олардың алтауы – Ресей, үшеуі – Армения, екеуі Қырғызстан елінен әкелінген автокөліктер.
28 желтоқсан күні сағат 21:15 шамасында Сәтбаев көшесінде орналасқан Облыстық соттың тұсында, 32 жастағы азаматтың басқаруындағы ресейлік «Mercedes benz» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс барысында аталған автокөліктің 412 мың теңге көлеміндегі 19 айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.