Атырауда тұрғындарға 300 миллион теңге залал келтірілген
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, талдау көрсеткендей алаяқтықпен байланысты қылмыстардың саны артқан.
– Биылғы жыл басынан бері алаяқтық қылмысының тек аса ірі мөлшерде келтірілген залал түріне қатысты 10-ға жуық дерек тіркелді. Мәселен, желтоқсан айында полиция департаментіне тұрғындардан жауапкершілігі шектелген серіктестіктің бірінің директорына қатысты 40-тан астам арыз түсті, – дейді Қамза Үмбетқалиев.
Арыз берушілер серіктестік директорының ай сайынғы пайыздық мөлшерлемемен ақша қаражатын айналысқа салуды ұсынған алаяқтық әрекеті туралы шағымданған. Жәбірленушілерге 300 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірілгені анықталған. Алайда аталған серіктестікке қатысты осы тектес арыздардың түсуі әлі де жалғасуда.