Демалыс күндеріне ауа-райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26–28 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Елімізге солтүстіктен ойысып келген арктикалық циклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп соғады. Сынап бағаны 35–42 градусқа дейін нөлден төмендейді. Аяз күшейе отырып, елдің басым бөлігіне ойысады. Тек республикамыздың батыс аймақтарына 27 желтоқсаннан бастап жылы мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Жауын-шашын болады, кей жерлерде көбіне қар қатты түседі және жел соғып, ауа температурасы біршама уақытқа дейін ғана көтеріледі – күндіз 0–5 градус аяз болса, кей жерде 0–5 градус жылы болады деп күтіледі.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, батыс және оңтүстікте көктайғақ болады деп күтіледі.