Атыраулық бапкерлер марапатталды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстанның жауынгерлік ассоциациясы бір топ бапкерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігнің «ҚР Құрметті спорт қызметкері» төс белгісімен марапаттады.

Ассоциация президенті Кәрім Мәсімовтың қолынан марапатқа ие болғандар қатарында Қазақстанға еңбегі сіңген қос атыраулық жаттықтырушы бар. Олар панкратион мен греплинг және аралас жекпе-жек ұлттық федерациясының президенті Сағындық Мекеев және Атырау облыстық дәстүрлі каратэ федерациясының вице-президенті Сансызбай Торғаев.