Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты орынына Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша, құқық және нарық академиясын заңгер мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарды. Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.