Мыңнан аса кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төлемеген

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1 069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд. теңге жалақы берешегі бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд  теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді.

ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн. теңге айыппұл салынды.