Құлсарыда 2 балабақша ашылды

Жылыой ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа екі «Аққайың-2» және «Салтанат» атты балабақша ғимараты ашылды.

Олар Құлсары қаласының Мұрагер және Береке ықшамауданында орналасқан.

Балабақшалар стандарт талаптарына сай, яғни ойын бөлмелері, жатын бөлме, кіреберіс бөлме және жуынатын бөлмелермен қамтылған. Балаларды тамақтандыру, денсаулығын қадағалау санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау мақсатында ас үй блогы, медициналық блог және кір жуу блогымен жабдықталған. Сонымен қатар, ән-әуен бөлмесі және дене шынықтыру залы, психолог кабинеті, меңгеруші, есепшілер, әдіскерлер бөлмелері бар.
Олардың барлығы талапқа сай жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған. Ғимараттың ауласында балалар ойын алаңдары орналасқан.