Корнавирустан мыңнан аса бала емделуде

Денсаулық сақтау министрлігі 14 желтоқсанда коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатса, 21 828 адам амбулаторияда емделіп жүр.
Жалпы науқастардың арасында 240 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр және 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы.