Құқықты қайта бұзғандарға талап қойылды
Полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған 3000-ға ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 242 адам осы құқықбұзушылықты қайталап жасаған. Оларға ӘҚБтК-нің 440-бабында көзделген жауапкершілікке «алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бірінші рет – 5 АЕК айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 АЕК айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, мұндай рецидивистер үшін сот қаулысымен 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылады. Есепке алған азаматтардың мекенжайлары учаскелік полиция инспекторларымен тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осындай ерекше талаптарды сот аталған 242 азаматқа қатысты белгілеген.