Зейнеткерді тонағандар ұсталды
Ұрылар Тұрғындар қалашығы ықшамауданындағы пәтерлерінің бірінің есік қоңырауын соққан. Есігін ашқан 71 жастағы зейнеткерге күш көрсетіп ақша, ұялы және радио телефонын, алтын алқасы мен сырғасын алып, оқиға орынынан қашып кеткен.
Аталған қылмысты жедел ашу мақсатында Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу жедел тобы құрылып, көп ұзамай күдіктілерді ұстаған.
Тексеру барысында, азаматшаға 479 000 теңге залал келтірілгені, сонымен қатар, күдіктілердің біреуі бұрын ұрлық қылмысы үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.