«Сергек» – қылмыстың ашылуына сеп

Бұл туралы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев мәлімдеген.

​– 10 қыркүйек пен 25 қараша аралығында «Сергек» арқылы 23​ 483 жол жүру ережесінің бұзылғандығы анықталды. Осыған сәйкес, 190 млн. 751 мың теңге айыппұл салынды. Аталған құрылғының көмегімен жол көлік оқиғалары 27 пайызға кеміді. Сондай-ақ, бұл құрылғылардың қылмысты ашуды 65 пайызға арттыруға, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауды 17 есе өсіруге, жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын өлім-жітімді 45 пайыз төмендетуге көмегі бар екендігін күнделікті тәжірибе көрсетіп отыр, – деді спикер Әсет Оразғалиев.

Бүгінгі таңда Атырау қаласында жол қозғалысын бақылау мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 51 көше қиылысына, 153 тіке жолдарға, 1 224 суретке түсіру және бейнежазба жазу, 774 қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын бейнебақылау камерасы орнатылған.