Атырау – азық-түлік ең қымбат аймақтардың қатарында
Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау және Павлодар облыстарында азық-түліктің ең қымбат бағасы тіркелді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеген.
– Жыл басынан бері бағаның ең жоғары өсімі Нұр-Сұлтан қаласында – 15,6%, Павлодар облысында – 15,4% және Атырау облысында 12,9% тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі бар тізімінің сегізі бойынша бағаның 10%-даг 30%-ға дейін едәуір өсуі байқалады. Қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлардың бағасы қарқынды өсті. Оған жыл ішінде валюта бағамының және әлемдік бағаның өсуі себеп болды. Қант пен қарақұмық негізінен Ресейден импортталады, сәйкесінше тауарлар 33,6% және 34,6%-ға қымбаттады, – деді Бақыт Сұлтанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.