Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту» туралы қаулысына өзгерістер енгізілді.
Жаңа қаулы бойынша, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.
Сондай-ақ, енді серіктестік босануға рұқсат беріледі. Ол үшін серіктесінде ПТР әдісі бойынша тапсырылған мерзімі 3 күннен аспаған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек.
Бас санитар дәрігердің қаулысы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00:00-де күшіне енді.