Атырауда 4 оттегі стансасы іске қосылды
Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансасы іске қосылды. Тағы бесеуң жыл аяғына дейін қолданысқа берілмек. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, облыс бойынша 9 оттегі станциясын жасақтау жоспарланған. Бүгінде 4 оттегі стансасы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның барлығы – коронавирус инфекциясына және коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарға ем көрсетуде қажетті жабдықтар.