4 күнде 500-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Атырауда полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен 3 – 7 желтоқсан аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» алдын-алу шарасы өтті.
Патрульдік полицейлер шара аясында автокөліктеріне ксенон, лед таққан, айыппұл төлемей жүрген, мас күйінде көлік ́жүргізгендер мен көлік жүргізу құқығынан айырылғандарына қарамастан, көлік басқарғандарды, міндетті сақтандыру шартын жасамаған және көліктеріне жалған нөмір таққан жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жүргізді.
Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін ксенон таққан 139 жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 13 жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Шара барысында Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұған 72 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабымен әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, яғни айыппұл төлемей жүрген 60 жүргізушінің автокөліктері арнайы тұраққа қойылды. Олардың 51-і Ресей автокөліктері болса, жетеуі Армения елінен әкелінген автокөліктер.
6 желтоқсан күні сағат 15:43 шамасында Махамбет көшесінің бойында «Nissan Tida» маркалы ресей автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 194 460 теңгелік төленбеген 14 айыппұлы бар екендігі анықталды. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізілген 4 күн ішінде облыс орталығында жол ережесін бұзған 500-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.