Кеше өңірде КВИ 29 адамнан анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 29 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Олардың екуінде ауру симптомды түрде өтуде.
Індет жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелмеген.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың екеуі – Атырау қаласынан, 21-і – Теңіз кенішінен, төртеуі – Құрманғазы ауданынан болса, Жылыой мен Исатайдан бір адамнан тіркелген.
Және кеше коронавирус инфекциясынан 36 науқас емделіп шықты.