Биыл шаруагерлерге 216 млн. теңге субсидия берілді
Атырау облысының шаруагерлеріне соңғы он айда 216 млн. теңгенің субсидиясы берілді. Егемен.кз-тің хабарлауынша, бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбеав мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекет тарапынан шаруагерлерге көрсетіліп отырған көмектің нәтижесінде егістік көлемі ұлғайған. Биыл облыстағы 307 ауылшаруашылық құрылымы 9 300 гектар алқапқа тұқым сеуіп, 73 млрд. теңгенің өнімін жинаған. Соның ішінде картоп дақылына басымдық беріліп, 2 042 гектар алқаптан 30 мың тоннаға жуық өнім алынған.
– Мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығын қолдауға, гербицид пен биопрепараттарды, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға, су жеткізуге субсидия беріледі. Биылғы он айда облыс шаруашылықтары 216 млн. теңгенің субсидиясын алды, – дейді Қайрат Нұрлыбаев.
Жыл соңына дейін шаруагерлерге берілетін субсидияның көлемі 260 млн. теңгеге жетпек.