Қашағанда 50 млн. тонна мұнай өндірілді
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн. тоннаға жетті.
– Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір маңызды көрсеткішке қол жеткізді. «Қашаған» кен орнында 2016 жылдан бері 50 млн. тонна мұнай өндіріліп, экспортталды, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдап, нысандардағы жұмыс күшін шектеген. Соған қарамастан, «Қашаған» кен орнын игерудің бірінші кезеңі шеңберінде мұнай өндірудің тұрақтылығын, өзге де нысандардың жұмысын қамтамасыз етуде.