15 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы – Атырау қаласынан, үшеуі – Жылыой ауданынан, Индер мен Құрманғазы ауданы және Теңіз кенішінен – 1 адамнан.
Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-еуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.