«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Парасатты отбасы» байқауын ұйымдастырды.
Мақсаты – «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стратегиясына сәйкес отбасы құндылықтарын насихаттау. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты тұлғаны, ашық ойлы, қайырымды отбасыны анықтау.
Биыл байқауға қатысушылар парасатты отбасы құндылықтарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірі, ұстанымы туралы бейнероликтерді әлеуметтік желілерде жариялады. Қазылар алқасы байқауға қатысқан 25 отбасының бейнероликтерін саралап, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысында бірінші орын Бөкеновтер отбасына берілсе, екінші орынды Гафуриновтер мен Төлеуовтер отбасы иеленді. Үшінші жүлде жеңімпаздары – Қарабалиндер мен Берегеновтер отбасы. Сондай-ақ, Құрманғалиевтер «Өнегелі отбасы», Меңдешевтер «Шебер отбасы», Талғатовтар «Ынтымақты отбасы» атағына ие болды.