«Жасыл ел» еңбек маусымын қорытындылады
Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XVI маусымының жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Мерекелік жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова маусым бойы белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көрінген бір топ жасты «Үздік жоба», «Үздік командир», «Үздік медиа маман», «Үздік штаб», «Үздік жұмыс беруші», «Жыл серпіні», «Үздік сарбаз» аталымдарымен марапаттады.
⠀
Атырау облысында соңғы бес жылда «Жасыл ел» жобасы аясында сегіз мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды. Ал биыл 1 004 жас жұмысқа тартылған. Оның 294-і – облыс орталығынан болса, 710 жас – аудандардан.