Өткен аптада 400 000 теңгеге жуық айыппұл өндірілді
Атырауда «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Шара аясында өткен аптада айыппұл төлемей жүрген жүргізушілердің 46 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Ал 23 автокөлік иесінен 392 349 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Тұраққа қойылған көліктердің 37-сі –Ресейден, бесеуі – Армения елінен әкелінген.
Сондай-ақ, Азаттық даңғылы бойында 10 рет жол қозғалысы ережесін бұзған ресейлік «Toyota Camry» автокөлігі тоқтатылған. 29 жастағы жүргізушісінің 194 460 теңге айыппұлы анықталып, көлігі айып тұрағына қойылды.
Шара жалғасуда.