Облыстың ауыл шаруашылығы саласында өсім байқалады
Бұл туралы өңір басшысы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– Аймақта мал басының барлық түрі бойынша өсім байқалады. Соңғы 5 жылда облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында 19 млрд. теңгеге 10 ірі жоба жүзеге асырылып, 689 жаңа жұмыс орны ашылды. 2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласы қолдауына бюджеттен іштей 2 млрд. теңге қаржы бөлінді, – деді ол.
Бүгінде өңірде 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы болса,оның төртеуі биыл құрылған.
Сондай-ақ, биыл егіс көлемі – 9 300 гектарды көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, одан алынған көлем 6 пайызға өскен. Тұтастай алғанда облыстың ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі – 73 млрд. теңгені құрап отыр.