Жаяу жүргіншілерге қатысты 25 ЖКО тіркелді

31 қазан сағат 11:00 шамасында Toyota Land Cruiser көлігінің 1975 жылғы жүргізушісі Әуежай бағытынан Сәтбаев көшесімен келе жатып, жол жиегінде жұмыс жасап жатқан Арнаулы автобаза мекемесінің жұмысшысын қағып кетті. Оқиға салдарынан 37 жастағы азаматша ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек алған.

Жалпы Атырау қаласында жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге қатысты 25 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның 11-і жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде, 14-і жаяу жүргінші белгіленбеген жерлерден өту кезінде болған.