Келесі жылы онлайн-петиция сайты іске қосылады

Қазақстанда онлайн-петиция жасайтын сайт 2021 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады. Qazaqstan.tv-дің хабарлауынша, бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

– Онлайн-петиция бойынша біз бюджет қаражатын шығындамау жолын қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе бойынша түрлі ассоциациялармен, компаниялармен қызмет етеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге нормативтік-құқықтық актілер пысықталатын болады. Болжам бойынша, сайт 2021 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады, – деді ол брифингте.