11 мыңға жуық этникалық қазақ Отанына оралды
1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралған.
Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі, яғни 56,9%-ы – Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы – 53,1% және Маңғыстау – 13,2% облыстарына, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан – 4,1% және Шымкент – 3,3% қалаларына қоныстанды.
9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны – 57,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 32,5%-ды және зейнеткерлер – 10,3%.