Заңсыз әдіс-тәсілмен ақша табатын 60-тан аса топ анықталды
Қаржы мониторингі комитетінде «көлеңкелі» экономикамен күрес бойынша 2020 жылғы 9 айындағы жұмысы қорытындыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Мемлекет басшысының экономикалық тергеу қызметін қайта бағыттау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жедел-алдын алу шараларының кешені ұйымдастырылған.
Прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, шот-фактураларды жалған жазып беру мен ақша қаражатын қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен күреске бағытталған «STOP-ОБНАЛ» жедел-алдын алу шарасы жүзеге асырылуда.
Талдау арқылы жалған шот-фактураларды жазып беру мен криминалдық қолма-қол ақшамен айналысатын 60-тан астам ықтимал қылмыстық топ анықталды.
Олар 1 200-ден астам бақыланатын компания құрған және олардың қаржылық айналымы 2 триллион теңгеден асты. Соңғы бес жылда алғаш рет қолма-қол ақшаны алу деңгейі 39% азайғанын атап өткен жөн.
Жалпы ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактілері бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды.
Жылдың басынан бюджеттік және квазимемлекеттік қаражатты жымқыру белгілері бар 200-ден астам сызба анықталды. Олар бюджеттен 360 млрд. теңгеден астам қаражатты аударған.