Тұрғылықты жері жоқ 146 азамат анықталды
Қала аймағында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мақсаты – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау.
Шараның үш күнінде полиция қызметкерлерімен 141 жертөле, 124 канал құбыр, 72 бос қалған ғимарат, 163 шатыр тексеріліп, нәтижесінде 146 азамат полиция басқармасына жеткізілген. Аталған тұлғалардың ішінен іздеудегі 1 қылмыскер мен хабар-ошарсыз кеткен 1 азамат анықталды. Сондай-ақ, басқарманың қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 2 тұлға орналастырылды.