Зираттарды сындырған азамат ұсталды
Атырау полицейлері зираттарды бүлдірген аудан тұрғынын ұстады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қыркүйек түскі уақытта белгісіз біреу Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылына қарасты Қоғам елді мекенінде орналасқан «Мәтен қожа» түнегін, үйін, сарайын өртеп, жанындағы 13 адамның мәйітін, құлыптастарын сындырып, бүлдірген.
Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында қылмысқа күдікті 1977 жылы туған аудан тұрғыны ұстады. Уақытша ұстау орнына қамауға алынған күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 314-бабы «Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау» бойынша жүргізіліп жатыр.