«Сергектен» бюджетке 3 млн. 533 мың теңге түсті
Атырауда 10 қыркүйектен бастап қосылған «Сергек» бақылау жүйесі 2 513 заң бұзушылықты тіркеді. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Салынған айыппұл мөлшері 35 миллион 983 мың теңге болса, оның 3 миллион 533 мыңы өндіріліп алынған.
Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, көлік иелеріне айыппұл туралы хабарлама «Қазпошта» немесе SMS хабарлама арқылы келеді. 7 күн ішінде төлейтін болсаңыз айыппұл сомасының 50%-ын ғана төлеу жеткілікті. Егер хабарлама «Қазпошта» арқылы келсе, онда уақыт пошта қызметкері хатты табыстаған сәттен бастап есептеледі.